Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатты ыстық: Қазгидромет сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қатты ыстық: Қазгидромет сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Фото istockphoto
«Қазгидромет» РМК бүгін, 30 мамырда бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және қатты жел күтіледі. Кей аймақтарда өрт қаупі де сақталып отыр.
Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында да найзағайлы жаңбыр мен дауыл болжануда. Қызылорда өңірінің кей аумақтарында шаңды дауыл көтеріледі.
Абай облысында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады деп күтілуде. Өңірдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Алматы, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында екпінді жел күтіледі. Таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.
Синоптиктер бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райының өзгерістерін ескеріп жүру ұсынылады.
30 мамыр 2026 ж. 206 0

Олимпке өрлеген ұстаз

25 шілде 2026 ж. 51

Сан мен сапа сәйкес пе?

25 шілде 2026 ж. 40

Қос кешен іске қосылды

25 шілде 2026 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031