Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда пойызбен багаж тасымалы цифрлық форматқа көшеді

Қазақстанда пойызбен багаж тасымалы цифрлық форматқа көшеді

Студенттер әзірлеген жүйе багаж тасымалын жеңілдетпек, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанда пойызбен багаж тасымалы цифрлық форматқа көшеді
Фото: ҚТЖ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 22 мамырдан бастап багаж және жүк-багажды рәсімдеу мен сүйемелдеу процестерін цифрландыруға арналған пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр. Жоба №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2» пойызы бағытында іске асырылады. Сынақ жұмыстары Нұрлы жол, Қарағанды және Алматы-2 станцияларындағы багаж бөлімшелерін қамтиды.
— Жаңа цифрлық жүйе багаж және жүк-багажға қатысты операциялардың ашықтығын арттыруға, есеп жүргізуді жеңілдетуге және тасымалды рәсімдеу кезінде адами факторды барынша азайтуға бағытталған. Жүйе жөнелтімді қабылдаудан бастап, бағыт бойымен сүйемелдеуге дейінгі барлық процесті бірыңғай цифрлық тәртіпке келтіреді, — делінген хабарламада.
Қазақстанда пойызбен багаж тасымалы цифрлық форматқа көшеді
Фото: ҚТЖ
Платформа станция операторы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар WMS, яғни қойма процестерін басқару жүйесі негізінде өзіне-өзі қызмет көрсету тәсілдері де қарастырылған. 
Айта кетейік, бұл цифрлық шешімді Astana IT University студенттері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен дуалды оқыту бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық негізінде әзірледі. Жоба барысында студенттер нақты өндірістік міндеттерді шешуге қатысып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұл цифрлық шешімді барлық багаж бөлімшелеріне кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.
Қазақстанда теміржол саласы жаңғыртылып, жаңа вагондар сатып алынып, инфрақұрылым жаңартылып жатқанына қарамастан, жолаушылар тасымалындағы оның үлесі әлі де төмен күйінде қалып отыр. Kazinform тілшісі пойыздардың әуе және автокөлік тасымалынан неге қалып қойғанын және жүргізіліп жатқан реформалардың жағдайды өзгерте ала ма деген сұрақтарды саралады.


31 мамыр 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031