Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында сенбілік өтті

Ауданда «Таза Қазақстан» тазалық акциясы аясында сенбілік өтті

Елімізде Президентіміздің бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» тазалық акциясы тек науқан ғана емес, ол әр адамның және барша халықтың күнделікті дағдысына, өмір салтына айналып келеді.
Бүгін тазалық акциясына үн қосқан қазалылықтар аудан көлемінде қарқынды сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Сенбілік жұмыстарына ауданымыздың барлық кент, қала және ауылдық округтері, дербес бөлім қызметкерлері ерікті жастар мен тұрғындар белсене қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілуіне өз үлестерін қосты.
Жалпы аудан көлемінде өткізілген тазалық шарасында Әйтеке би кентіндегі «Қазалы мәдени-демалыс кешені», М.Шоқай көшесі, аудан әкімдігі ғимаратының алдындағы Әйтеке би ескерткіші аумағы, Теміржол вокзалы аумағы, 5 квартал аумағындағы бірқатар көшелердің шөптері шабылып, көше борьдюрлері мен ағаш түптерін әктеу, қоршауларды, электр бағаналары мен жол белгілерін сырлау, көшелерді сыпыру, қоқыстарды теру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап, тазалық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді. Тазалық – тек қоғамдық жұмыс емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін айтқан аудан басшысы барша тұрғындарды туған жердің тазалығы үшін жасалып жатқан шараларға бірлесе атсалысуға шақырды.
Бүгінгі сенбілік жұмыстары барысында саябақтар мен аллеяларда тал егу шараларыда ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша тазалық акциясы аясында 500-ден астам ағаш көшеттері отырғызылды. Ал аудан бойынша 500-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылып, 12,7 тонна жиналған қоқыс арнайы орындарға шығарылды.
11 сәуір 2026 ж. 117 0

Кене кіші деме...

11 сәуір 2026 ж. 127

СӘУЛЕТ ПЕН САПА

11 сәуір 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930