Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Тоқаев Құрбан Айт
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев 31 мамыр саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын еске алды. Сөзінше, оларды жадымызда сақтау, заңдылық қағидаты мен әділдік құндылықтарына адал болу – біздің қастерлі борышымыз.
“Қазақстанда барша азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қорғау үшін жүйелі түрде жағдай жасалып жатыр. Мемлекетіміздің осы міндеті 15 наурыздағы жалпыұлттық референдум кезінде қабылданған Конституцияда заң жүзінде бекітілді. Біз бір қоғам болып, озық ойлы ел құру жолына бет бұрдық. Елімізде Әділдік, Заңдылық, Отаншылдық, Еңбекқорлық, Табиғатқа сүйіспеншілік қағидаттары айрықша маңызға ие болады. Сондай-ақ, ғылымды, жоғары технологияларды, мәдениетті және еріктілер қозғалысын дамытуға баса мән беріледі”, – деді Тоқаев.
Айтуынша, әлем жұрты Қазақстанды барлық салада тек алға қарай қадам басып келе жатқан ел ретінде таниды. Ол бұдан да биік белестерді бағындыру үшін қоғам ынтымақ-бірлігі мен тұрақтылығын нығайту керек.
“Қазақстанның болашағы әрдайым жарқын болмақ! Мен бұған кәміл сенемін”, – деді ол.     
31 мамыр 2026 ж. 212 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031