Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есепті кеш ерекше өтті

Есепті кеш ерекше өтті

Қазалы қалалық мәдениет үйінде жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерге баулитын түрлі үйірмелер тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Соның ішінде көрермен ықыласына бөленіп жүрген Аңсаған Оспан жетекшілік ететін би үйірмесінің орны ерекше.
Жуырда аталған үйірменің ұйымдастыруымен «Би – жүректің тілі» атты есепті кеш өтті. Кештің шымылдығын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Райса Тасыбаева ашып, бөлім атынан үйірме жетекшісі мен би топтарына алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік кеш әсем ән мен мың бұралған бимен өріліп, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сахна төрінде өнер көрсеткен «Самғау», «Сыр сылулары», «BABY Land» және «Шабыт» би топтары ұлттық және заманауи бағыттағы түрлі композицияларды орындап, өз шеберліктерін танытты. Әр бидің мазмұны мен сахналық қойылымы үйлесім тапқан. Концерт барысында ән үйірмесінің шәкірттері де өнер көрсетіп, кештің мазмұнын арттыра түсті. Жас таланттардың орындауындағы әсем әндер мен көркем билер кештің сәнін келтірді.
Үйірме жетекшісі Аңсаған Оспанның айтуынша, есепті концерттің басты мақсаты – оқу жылы барысында үйренген жаңа білім мен тәжірибені бекіту, үйірме мүшелерінің шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың сахналық мәдениетін қалыптастыру.
– Бұл концертке балалар үлкен жауапкершілікпен дайындалды. Әр би нөмірінің мазмұны мен қойылымына ерекше мән берілді. Осындай шығармашылық кештер арқылы оқушылардың өнерге деген қызығушылығы артып, өз қабілеттерін шыңдай түседі. Алдағы уақытта да осы дәстүрді жалғастырып, жыл сайын көрерменге жаңа қойылымдар ұсынып отыруды мақсат етіп отырмыз, – дейді үйірме жетекшісі.
Кеш барысында бишілердің сахналық мәдениеті, костюмдерінің үйлесімділігі және би композицияларының кәсіби деңгейде қойылғаны анық байқалды. Көрермен қауым да жас өнерпаздардың өнеріне жоғары бағасын беріп, ыстық ықыласын білдірді.
Айта кету керек, мәдениет үйі жанындағы би үйірмесінің ашылғанына небәрі алты ай ғана уақыт болған. Соған қарамастан, аз уақыт ішінде бірнеше би тобы құрылып, олардың репертуары түрлі жанрдағы билермен толыққан. Алдағы уақытта үйірме қоржынын жаңа би туындыларымен толықтырып, биіктерді бағындыруды көздеп отыр.

Арайлым ЖҮСІПОВА
30 мамыр 2026 ж. 19 0

Есепті кеш ерекше өтті

30 мамыр 2026 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031