Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вокалды-аспапты ансамблі ұжымының концерті көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Вокалды-аспапты ансамблі ұжымының концерті көтеріңкі көңіл-күй сыйлады


Қазалы қалалық Мәдениет үйінде Қазалы вокалды-аспапты ансамблі ұжымының концерті өтті.

Концерттік бағдарламаны аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп ашып, ансамбл ұжымына шынайы ризшалығын жеткізді. Сондай-ақ өнер ұжымын «Алғыс хатпен» марапаттады.

Ескі әуендерді бүгінгі күнге лайықты етіп нақышына келтіре орындап, халық мұрасын кеңінен насихаттап жүрген өнер ұжымының құрылғанына биыл 31 жыл толып отыр.

Бұл уақыт аралығында Әділхан Ыбраймов жетекшілік ететін «Қазалы тобының» бағындарған белестер аз емес. Бүгінгі күнге дейін облыстық «Жас қанат» байқауынан бас жүлдені иеленіп, республикалық «Жас Қанат» байқауына да жолдама алды.

Мұнан бөлек Қазалы қаласында 15 жыл бойы қатарынан аудандық және облыстық деңгейде өткізілген «Ретро» фестивалдерге қалмай қатысып, өз өнерлерін көрсетіп халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Мәдениет үйіне жиналған көрермендер ансамблдің орындауында «Өкінбе сен», «Розывые розы», «Туған жер», «Белые розы», «Трава у дома» сынды ретро әндерін тыңдады.

11 ақпан 2024 ж. 248 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30