Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағылымды кештің тәлімі мол

Тағылымды кештің тәлімі мол

Жанкент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем–BOOK» жобасы аясында «Азаттықты аңсаған боздақтар» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Шара 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне және Исатай Тайманов бастаған көтерілістің 190 жылдығына орай ауылдық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кештің басты мұраты – жас буынның тарихи мұраға деген құрметін арттыру, қасиетті орындарды қастерлеуге үндеу, сондай-ақ ата-бабаларымыздың ерлікке толы өмір жолын өнеге ету.
Тағылымды жиын мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесі мүшелерінің «Ескерткіштерді қорғайық» атты сахналық қойылымымен шымылдығын түрді. Одан әрі ауыл кітапханашысы Назерке Нәдірова «Бабалар жолы» атты кітап көрмесін таныстырып, «Жанкенттің жетпіс әулиесі», «Бегім ана берген бақ» сынды еңбектерді оқырман назарына ұсынды.
Кештің көркемдік өрнегі концерттік бағдарлама арқылы жалғасын тапты. Шешендік өнер үйірмесінің жас өрендері Нұрлан Аяна, Сақтапберген Инабат және Нұртуған Раяна «Бабалар даналығы» атты тақырыпта терең мағыналы нақыл сөздер мен шешендік толғамдарды мәнерлеп жеткізді.
Сонымен қатар мәдениет үйінің басшысы Болатбек Рсалы Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол» күйін шебер орындап, көрермен көңілін тебірентсе, Нұртуған жыраудың «Қанекей, тілім, сөйлеші» термесін әсерлі жеткізді. Домбыра үйірмесінің мүшесі Шахназ Өткелбай да Омар Шораяқұлының «Әділ іс» және Базар жыраудың «Атасы жақсы қандайды» термелерін нақышына келтіріп орындап, кештің мазмұнын тереңдете түсті.
Шара соңында ән үйірмесінің мүшесі Айару Мұса «Отаным – Қазақстан» әнін шырқап, кештің көркін қыздырды.

Талап АЛТЫНБЕКҰЛЫ
18 сәуір 2026 ж. 26 0

Бозкілемнің барысы

18 сәуір 2026 ж. 31

Көптен күткен игілік

18 сәуір 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930