Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Фото: depositphotos.com
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"4 мамырда Астана, Павлодар, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Жезқазған қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.
Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар көбіне жел болмауы, тұман және ауа инверсиясы кезінде туындайды. Соның салдарынан зиян қоспалар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Мұндай күндері тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге, әсіресе, көлік көп қатынайтын жерлерден аулақ болуға кеңес беріледі. Балалар, жүкті әйелдер және созылмалы сырқаты бар адамдар ерекше сақ болғаны жөн.
04 мамыр 2026 ж. 86 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031