Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
«Қазгидромет» 14,15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ел аумағында аяз болып, ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендейді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: ru.freepik.com
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ болжанып отыр. Батыс аймақтарда алдағы үш күн бойы нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел күшейеді. 16 сәуір күні оңтүстікте, ал 15-16 сәуір күндері солтүстік пен орталықта жауын-шашын болжанған. Шығыс Қазақстанда 14 сәуірге қараған түні қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Сонымен қатар жалпы ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.
Температуралық көрсеткіштер де айтарлықтай төмендейді. Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2, +10 градус аралығында болса, күндіз +10, +15 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте түнгі уақытта -2, -8 градусқа дейін суытып, күндіз 0, +7 градус шамасында болады. Ал оңтүстікте ауа температурасы түнде +3, +13 градус, күндіз +8,+18 градус аралығында сақталады.
Фото: ru.freepik.comСолтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ болжанып отыр. Батыс аймақтарда алдағы үш күн бойы нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел күшейеді. 16 сәуір күні оңтүстікте, ал 15-16 сәуір күндері солтүстік пен орталықта жауын-шашын болжанған. Шығыс Қазақстанда 14 сәуірге қараған түні қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Сонымен қатар жалпы ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.