Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстікте ауа райы +28 градусқа дейін жылынады

Оңтүстікте ауа райы +28 градусқа дейін жылынады

Елде ауа райы құбылмалы болады: жауын, қар, жел мен көктайғақ қатар күтіледі
Оңтүстікте ауа райы +28 градусқа дейін жылынады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +28 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Әсіресе батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде, кей күндері солтүстік пен шығыста құбылмалы жағдай сақталады.
Бірқатар аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Оңтүстік-шығыстың таулы бөліктерінде кей уақытта жауын-шашын күшейеді. Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, жел екпіні артып, шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ сақталады.
Күндіз ел аумағында ауа температурасы әр өңірде әркелкі болады: батыста +13–+23 градус аралығында жылынса, солтүстік пен шығыста +9–+14 градус шамасында сақталады. Орталықта +10–+22 градус аралығында құбылып, оңтүстікте ауа +18–+28 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік-шығыста күндізгі температура +12–+22 градус шамасында болады.



24 наурыз 2026 ж. 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031