Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәуір ортасында Қазақстанға қыс қайта оралады: аяз, жаңбыр және қар күтіледі

Сәуір ортасында Қазақстанға қыс қайта оралады: аяз, жаңбыр және қар күтіледі

Фото: freepik
2026 жылғы 14–16 сәуір аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде күрт суыту, нөсер жаңбыр, қар жаууы және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, ауа температурасы төмендейді:

батыс өңірлерде түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.
"Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты, жауын-шашынды ауа райы сақталады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбырдың қарға ұласуы және көктайғақ болуы мүмкін", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Синоптиктердің айтуынша, елімізде келесі қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі:

жаңбыр, бұршақ және қатты жел:
14–16 сәуір – батыс өңірлерде,
16 сәуір – оңтүстікте,
15–16 сәуір – солтүстік пен орталық аймақтарда;
14 сәуір түнінде – шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр мен қар;
тұман және желдің күшеюі – республиканың көптеген өңірлерінде.
Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" 13 сәуірге арналған дауылды ескерту жариялап, Қазақстанның 15 облысында қауіпті метеожағдайлар болатынын хабарлаған.
13 сәуір 2026 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930