ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН БАСТАЛДЫ
Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған республикалық референдумда дауыс беру басталды.Аталған референдум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаның маңызды кезеңі болып табылады. Мемлекет басшысы 2026 жылғы 11 ақпанда жаңа Ата Заңды қабылдау мәселесін жалпыұлттық референдумға шығару туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Жаңа Конституция жобасы бірнеше ай бойы қоғамда кеңінен талқыланып, сарапшылардың, заңгерлердің, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары негізінде әзірленді. Азаматтар да өз пікірлері мен ұсыныстарын eGov және e-Otinish порталдары арқылы жолдап, құжатты жетілдіруге атсалысты.
Конституциялық реформаның негізгі мақсаты – саяси жүйені жаңғырту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру.
Конституциялық реформаның негізгі мақсаты – саяси жүйені жаңғырту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру. Референдум арқылы Қазақстан халқы Жаңа Ата Заң жобасын қолдау немесе қолдамау жөнінде өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысады. Бұл – әрбір азаматтың мемлекет дамуына үлес қосатын жауапты сәт.
Бүгін еліміз бойынша сағат 07.00-ден бастап барлық референдум учаскелерінде дауыс беру басталды.
Қазіргі таңда Қазалы ауданында барлығы 38 референдум учаскесі белгіленген болса, оның 13-і аудан орталығы - Әйтеке би кенті бойынша жұмыс істейді.
Қазалы ауданы бойынша референдумда 46 714 дауыс беруші өз таңдауларын жасайтын болады. Дәл қазіргі уақытта барлық референдум учаскелерінде еліміздің Әнұраны шырқалып, дауыс беру жәшіктері қойылды.
Айта кетейік, әрбір қазақстандық осы саяси науқанда өз таңдауын жасау арқылы еліміздің болашағы үшін қабылданатын маңызды саяси шешімге өз септігін тигізе алады!
#Референдум2026 #Конституция











