Тәртіп сақшылары да ел болашағы үшін таңдау жасады
Әйтеке би кентіндегі №66 сайлау учаскесінде құқық қорғау саласының қызметкерлері де республикалық референдумда өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға белсенді түрде қатысуда. Олар азаматтық борыштарын абыроймен атқарып, қоғамдағы тұрақтылық пен заңдылықты қамтамасыз етумен қатар, мемлекет өміріндегі маңызды саяси науқаннан да шет қалмайтынын көрсетті.Аталған учаскеге келген тәртіп сақшылары дауыс беру тәртібін сақтай отырып, бюллетеньдерін алып, арнайы жәшікке салды. Бұл – олардың ел тағдырына бейжай қарамай, әр азамат секілді өз пікірін білдіруге құқылы екенінің айқын көрінісі.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері референдум кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуына да үлес қосып, сайлау учаскелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаруда. Осылайша олар бір жағынан азаматтық міндетін орындаса, екінші жағынан елдегі маңызды саяси шараның заң талаптарына сай әрі тыныш жағдайда өтуіне атсалысып келеді.














