Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар сайлауға белсенді қатысуда

Қазалылықтар сайлауға белсенді қатысуда

  Әйтеке би кентіндегі №56 сайлау учаскесінде Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев пен оның жары Гүлшат Мүсілімова өз таңдауын жасап, дауыс берді.
  «Мен өз азаматтық борышымды орындадым. Бүгінгі сайлау еліміз үшін өте маңызды. Бұл сайлау Қазақстанның дамуы мен гүлденуі үшін, елдің тұрақтылығы және халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін өте қажет», – деді өз таңдауын жасаған әкім.
  Қазалы ауданында бүгін 39 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Мұнда 47 849 сайлаушы тіркелген. Тұрғындар таңғы сағат 7.00-ден бастап өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда. Уақыттың ерте екендігіне қарамастан қариялар мен жастар тобы азаматтық парыздарын өтеуге асықты.
  Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 57-ші учаске бойынша бірінші болып Арайлым Оспанова дауыс берді. Ол ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға асығып, ерте келгендігін айтады.
  Арайлым Оспановаға ең бірінші болып келіп, азаматтық белсенділік танытқаны үшін бағалы сыйлық табыс етілді.
  Айта кетейік, 57-ші сайлау учаскесінде 2678 сайлаушы бар.
  Аудан орталығындағы №56 сайлау учаскесі аудандық оқушылар үйінде орналасқан. Таңғы сағат 7.00-де ашылған учаскеге алғашқылардың бірі болып ерлі-зайыпты Еркін Өмірзақова мен Аққоян Рсалиев есімді зейнеткерлер келіп, өз кандидаттарына дауыс берді. Осыны ескерген сайлау учаскесіндегілер қос қарияға кәдесыйларды тарту етті.



ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
09 маусым 2019 ж. 1 600 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031