Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орталық базарда референдумда арналған мерекелік концерт өтті

Орталық базарда референдумда арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Орталық базарда 15 наурыз – республикалық референдум күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Аталған мәдени іс-шараны Басықара және Қ. Пірімов ауылдық клубы бірлесіп өткізді.
Концерттік бағдарлама барысында аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын өнер көрсетілімдері ұсынылып, көпшілікке алдағы республикалық референдумның маңызы кеңінен түсіндірілді. Шараға жиналған жұртшылыққа референдум – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды шешім қабылдау тетігі екені, әр азаматтың пікірі мен таңдауы мемлекет дамуына тікелей ықпал ететіні ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, концерт барысында тұрғындарға дауыс беру – әрбір азаматтың азаматтық борышы екені, ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық үдерістерге белсенді қатысу арқылы ғана ортақ жауапкершілік қалыптасатыны жеткізілді.
Ұйымдастырушылар тарапынан әрбір тұрғынның таңдауы – елдің ертеңіне жасалған маңызды қадам екені, ал референдумға қатысу – өз болашағыңа және ұрпақ тағдырына деген жанашырлықтың көрінісі екені баса айтылды.
23 ақпан 2026 ж. 166 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930