Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » НАСА басшысы Байқоңырға келеді

НАСА басшысы Байқоңырға келеді

«Союз МС-10» аумақтық-өндірістік кешені Астана уақыты бойынша 2018 жылғы 11 қазан, сағат 14:40-та Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын болады. Халықаралық ғарыш стансасына жасалатын ұзақ экспедицияға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аттанады.
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қазан айында «Союз МС-10» басқарылатын көлік кемесін ұшыруға байланысты Байқоңырға NASA әкімшісі Джим Брайденстайн келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин мен NASA басшысы үстіміздегі жылдың 10 қазанында NASA әкімшісінің кезекті Ресей-Америка экипажының ХҒС-ға ұшуына байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуы үшін Ресей мен Қазақстанға жасаған сапары кезінде Байқоңыр ғарыш айлағында алғашқы жеке кездесу өткізуге келісті. Баспасөз қызмтетінің мәліметінше, Ресей мен АҚШ ғарыш ведомстволарының басшылары Халықаралық ғарыш стансасындағы жұмыстардың атқарылу барысын талқылаған алғашқы телеконференция өткізді. Айта кету керек, әңгіме барысында Дмитрий Рогозин америкалық әріптесін қазіргі таңда аумақтық-өндірістік кешенге жалғанған «Союз МС-09» кемесінен ауаның шығып кету себептерін анықтау үшін «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы басшылығымен комиссия құру туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.
inform.kz
17 қыркүйек 2018 ж. 1 418 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 146

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 130

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30