Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДЫҚ ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІК

АУДАНДЫҚ ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІК

Бүгін аудандық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 2026 жылғы алғашқы отырысын өткіздік.
Комиссияның күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды. Бірінші мәселе - мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының қысқаруының алдын алу, жалақы мен әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуі, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша Қазалы ауданының Мансап орталығының директоры Болатбек Баймаханов хабарлама жасаса, екінші мәселе - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аудан көлемінде іске асырылу барысы туралы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Қадырбек Әліпов баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша тиісті сала басшыларына жалақы қарызына жол бермеу, ұжымдық шарттар жасасуды жандандыру, еңбек шарттарын электронды жүйеге енгізу, жаңа жұмыс орындарының ашылуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар бердім. Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің орындалу бойынша жауаптыларға сақтандырылмаған азаматтармен адресті түрде жұмыс жүргізу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік желілер арқылы кең көлемде ақпарат тарату жөнінде тапсырмалар жүктедім.
Теміржол ауруханасы ЖШС тарапынан да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстарын жандандыру керектігін айтып, комиссияның қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болуын тапсырдым.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

27 ақпан 2026 ж. 148 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930