Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық үш жақты комиссия отырысы өтті

Аудандық үш жақты комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақсы комиссия отырысы өтті.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен басқосуда екі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Әбілқасым Раман, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Алданазар Табынов хабарлама жасады.
Хабарламашылар аудандағы кәсіподақ комитеттерінің жұмыс беруші, кәсіподақ ұйымы арасындағы қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұжымдық-шарттың жүзеге асырылуы және жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақыға қарыздарын болдырмау үшін алдын алу шаралары, жұмыс берушілер жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алумен қатар өндірістік жарақат деңгейін төмендету, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту мәселелері туралы жан-жақты айтып берді.
Ал, екінші мәселе бойынша «Қазалы-Су сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Әзім Ешмұрат баяндама жасап, кәсіпорындағы жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақыға қарызы және оның уақытылы төленуі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Басқосуда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Білім саласы бойынша мекемелерде қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұжымдық келісім-шарт толық жасалған ба?», «Денсаулық саласы бойынша еңбек дауларына байланысты мәселелер болды ма? Болған жағдайда кәсіподақ комитетінде қаралды ма?» деген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Ал, «Қазалы-Су сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Әзім Ешмұратқа жалақы қарыздарынан толық есептесу үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын сұрады.
Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп те көпті толғандырған мәселелерді кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына қойып, тығырықтан шығу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын білді.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев комиссия отырысының қорытындысымен бірқатар тапсырмалар берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
09 қыркүйек 2021 ж. 551 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930