Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді. Әкімдік және аппарат мәжілісінің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
Алдымен әкімдік мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселеге орай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев баяндама жасап, аудандағы жұмыспен қамту мәселесі және әлеуметтік төлемдердің жағдайы туралы айтып берді.
Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жайы туралы хабарлама жасады. Басқосу мұнан соң аппарат мәжілісіне ұласып, маңызды мәселелер талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша 2023 жылға арналған Қазалы ауданы әкімінің іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев айтып берді.
Екінші мәселе – 2023 жылдың ІІ жарты жылдығына баспасөзге жазылу барысы туралы аудандық қоғамдық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жеңісбек Айымқұлов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бірқатар басшыларға жұмыс қарқынын күшейту қажеттігін айтты.
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына жұмыстарды жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
27 мамыр 2023 ж. 266 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031