Мұстай Кәрімнің "Ай тұтылған түн" трагедиясы сәтті сахналанды
16 қаңтар күні көрермен назарына ұсынылған бұл спектакль соғыс салдары мен адам тағдырындағы терең трагедияны шынайы бейнеледі. Қойылымда ананың үміті мен жүрек мұңы, шаңырақтың шайқалуы, сатқындық пен әділетсіздік арасындағы тартыс әсерлі түрде көрініс тапты. Басты кейіпкер — Таңқабикенің тағдыры арқылы ана жүрегінің шексіз мейірімі мен қайғысы айқын сезілді. Ұлы соғыстан оралмай, келіні мен болашақ ұрпағына қорған бола алмаған ананың опасыздық құрбанына айналуы көрерменді бейжай қалдырмады. Театр ойыншылары бұл образды жоғары деңгейде сомдап, халықтың ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.
Режиссер мәдени ұйымдастырушы Бақытбек Макеевтің көркемдік шешімі спектакльдің мазмұнын тереңдете түсіп, әрбір көрерменге ой салды.
Кәсіби театр мамандары болмаса да, қойылымға қатысқан әртістер жоғары деңгейдегі ойнау шеберлігін көрсете білді. Бір жарым айға жуық уақыт бойы әр ауылдан келген мәдениет қызметкерлері мен түрлі сала мамандары бірлесіп, күндіз-түні аянбай еңбек етті.
Қойылымнан алған әсер мен ақжарма тілектер мәдениет қызметкерлері мен жан дүниесі өнерге жақын жандарға алдағы шығармашылық жолында үлкен шабыт сыйлады. Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қолдауы да өнер ұжымына зор серпін берді.













