Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткен жылы театрларда 300-ден астам жаңа туынды көрсетілген

Өткен жылы театрларда 300-ден астам жаңа туынды көрсетілген

Мемлекеттік театрларда көрермен назарына 13 мыңнан астам қойылым ұсынылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылы театр саласында да жетістіктер аз болған жоқ. Атап айтқанда, мемлекеттік театрларда көрермен назарына ұсынылған 13 мыңнан астам қойылымның, 339-ы жаңа туынды болып саналады», - деді Н. Дәуешов министрліктің алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол көрермен көзайымына айналған жобаларды тоқталды.
«Мәселен, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының «Оян, қалыңдық», елімізде ең жас театры Түркістан облыстық театрының «Бөрте», Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының «Бала мерген», Ақмола облыстық орыс драма театрының «Көксерек», «Астана балет» театрының «Жібек жолы», Қарағанды облысының қазақ театрының «Текебұрқақ», Әзірбайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театрының «Алаш жолы» қойылымдары халықтың ықыласына бөленіп жатыр», - деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр тарихи құжаттарды түгендеу мақсатында мамандар шет елдерден Қазақстанға 7 мыңнан астам құжат әкелді.
20 қаңтар 2023 ж. 239 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930