Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке деректерді қорғау: Конституциядағы жаңа норма

Жеке деректерді қорғау: Конституциядағы жаңа норма

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының жұмысы жалғасуда. Ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында коалиция мүшелері ауыл тұрғындарымен және түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырып, ашық диалог алаңдарын өткізуде.
Аумақтық коалиция төрағасы Ғазиз Әліш, коалиция мүшелері Нұрғиса Жалғасбаев, Әбдуали Рахметов, Арғын Орымбаев, Әділбек Сарабеков, Күншығар Әбілов пен Шакизада Асқарованың қатысуымен кезекті кездесу қызмет көрсету саласының өкілдерімен «Қазпочта» бөлімшесінде өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституцияның негізгі баптары мен енгізілетін өзгерістер таныстырылып, олардың құқықтық және институционалдық салдары түсіндірілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Биыл 11 ақпанда Мемлекет басшысы “2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы” Жарлыққа қол қойды. Келесі күні Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланды. Жарияланған жаңа Конституция жобасы адамға бағдарланған сипатқа ие. Онда ұлттық болмысқа, тарихи жолымызға және қоғам құндылықтарына басымдық беріледі. Яғни, бұл құжат біздің кім екенімізді және қай бағытта дамып бара жатқанымызды құқықтық тұрғыдан айқындайды», – деді коалиция төрағасы.
Коалицияның өзге мүшелері құжаттағы маңызды мәндік бағыттардың бірі – азаматтардың дербес деректерін қорғау мәселесіне тоқталды. Конституция жобасы дербес деректерді қорғауға, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселелеріне қатысты арнайы нормаларды енгізуді көздейді. Бұл жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын қазіргі қаржылық және цифрлық шынайылыққа бейімдеп, банк деректемелері мен электрондық хабарламалар сияқты құпия ақпаратты тікелей қамтиды.
«Қазпочта» және «Қазақтелеком» ұжымдарының мамандары азаматтық жауапкершілік танытып, референдумға қатысуға ниетті екендерін жеткізді.
23 ақпан 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728