Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында кездесу өтті

«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен Конституциялық реформалар жөнінде «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті.
«Руханият» орталығында өткен кездесуге зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, этнос өкілдері, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесуде аудан басшысы конституциялық реформалардың ел дамуы жолындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, алдағы жалпыхалықтық референдум Қазақстанның келешегін айқындайтын маңызды тарихи қадам екенін жеткізді.
- Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2026 жылғы 15 наурызда
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды. Бұл – еліміздің кемел келешегі үшін өз таңдауымызды жасап, қастерлі Отанымыздың берік негізін қалауға берілген тарихи мүмкіндік. Конституциялық реформа – еліміздің саяси жаңғыруына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған. Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды іске асыруда Қазалы халқы бірлік пен татулықтың, ынтымақ пен ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Тарихымызда айрықша орын алатын алдағы маңызды саяси кезеңде қазалылықтар еліміздің нағыз жанашыр азаматтары ретінде өз азаматтық ұстанымдарын танытып, жаңа Конституция жобасын қолдайды деп сенемін. Баршаңызды осы маңызды іске жоғары жауапкершілікпен, белсенді түрде атсалысуға шақырамын!», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Жиында аудандық мәслихат төрағасы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов, облыстық мәслихат депутаты, аумақтық коалиция мүшесі Ібайдулла Тілеп, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аумақтық коалиция мүшесі Талайлы Бөріқұлақов, мәдениет саласының үздігі, аумақтық коалиция мүшесі Болат Жолтаев, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аумақтық коалиция мүшесі РозаАсанова, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, аумақтық коалиция мүшесі Нұрбек Ақпанбетов Жаңа Конституцияда көзделген әртүрлі бағыттар бойынша баяндама жасап, жалпыхалықтық референдумға қатысты пікірлерін білдірді.

20 ақпан 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728