Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда түпнұсқа аяқ киім мен дәрі-дәрмек сатып алу мүмкіндігі жоғарлай түсті

Қазақстанда түпнұсқа аяқ киім мен дәрі-дәрмек сатып алу мүмкіндігі жоғарлай түсті

Қазақстанда тауарларды цифрлық кодтар бойынша онлайн тексеру функциясы қолжетімді болды. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 18 ақпанда "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, тауарларды цифрлық кодтар бойынша тексеру функциясы eGov Mobile қосымшасында пайда болды.
Жаңа функционал Naqty Onim сервисі негізінде іске асырылып, пайдаланушыларға цифрлық таңбалау жүйесінен мәліметтерге тез және тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мамандар қазіргі уақытта пайдаланушылар жалған өнім жиі кездесетін санаттардағы тауарларды, соның ішінде дәрі-дәрмектерді, темекі бұйымдарын және аяқ киімді тексере алатындығын атап өтті.
eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық кодты (Data Matrix-коды) сканерлеу арқылы тауардың түпнұсқалығы, өндірушісі, негізгі сипаттамалары және өнімнің шығарылған күні туралы ақпарат көрсетіледі.
Қызметті пайдалану үшін:
  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, "Сервистер" бөлімін ашу керек;
  • "Naqty Onim" сервисін таңдап, деректерді беруге келісім беру қажет;
  • "Бастау" батырмасын басып, смартфон камерасын Data Matrix кодына бағыттау керек.
Сканерлеуден кейін пайдаланушыға тексеру нәтижесі көрсетіледі. Егер цифрлық код болмаса немесе дұрыс болмаса, жүйе тиісті хабарламаны шығарады.
eGov Mobile қосымшасындағы тексеру функциясы міндетті цифрлық таңбалауға жататын және Data Matrix коды бар тауарларға қолданылады. Дәрі-дәрмектерді тексеру кезінде өнімнің нақты дәрілік препарат санатына жататыны ескеріледі.
Сондай-ақ оның өндірілген күні маңызды: 2024 жылғы 1 шілдеге дейін шығарылған дәрілер міндетті цифрлық таңбалауға жатпайды және сканерлеу кезінде жүйеде көрінбеуі мүмкін.
Айта өту керек, мұндай жағдайда тексеру нәтижесінің шықпауы тауардың заңсыз немесе жалған екенін білдірмейді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден бастап шығарылған дәрі-дәрмектер, сондай-ақ барлық темекі өнімдері мен аяқ киім міндетті түрде цифрлық таңбаланады.
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра мен мотор майларын таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі, ал 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларына да қолданылады.
Сонымен қатар қазір пилоттық режимде биологиялық белсенді қоспалар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, тұрмыстық химия, газ баллондар және өсімдік майын таңбалау сынақтан өтіп жатыр. Алдағы уақытта бұл санаттағы тауарларды да заңдылығы мен түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік пайда болады.
Бұған дейін 1414-тен СМС келмесе не істеу керек екенін жазғанбыз.
18 ақпан 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728