Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрондық шот-фактураларға eGov QR арқылы қол қоюға болады

Электрондық шот-фактураларға eGov QR арқылы қол қоюға болады

Енді мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында электрондық шот-фактураларды тапсыру кезінде eGov mobile-да eGov QR сканерлеу арқылы қол қою мүмкіндігі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҰАТ» АҚ қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасай отырып.

Жаңа функция салық төлеушілерге esf.gov.kz сайтында электронды құжаттарға қол қоюға, сондай-ақ осы сайтта аавторизациядан өтуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл функция тек жеке тұлғалар үшін жұмыс істейді.

Біз мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік порталдар мен басқа сайттардың санын әрдайым ұлғайтып, eGov mobile мобильді қосымшасында eGov QR арқылы қол қоюға болатын сайттардың тізімін кеңейтіп жатырмыз. Қол қоюдың бұл баламалы әдісі электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін флэш-карталарда немесе басқа тасымалдағыштарда сақтамауға мүмкіндік береді, ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасында тіркелу жеткілікті, - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін eGov mobile мобильді пайдаланушылары:

- қосымшада авторизациядан өту (егер бұрын өткен болсаңыз, Face ID, Touch ID немесе қысқа кодты пайдаланып қосымшаға кіруіңіз керек);

- esf.gov.kz порталында қол қою түрін таңдау керек - «QR коды»;

- eGov QR сканерлеу және қол қою керек;

Сұраныс сәтті өңделсе, ұялы телефон экранында «Қол қою сәтті аяқталды!» хабары көрсетіледі.

Аталмыш сервис ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.
17 қыркүйек 2023 ж. 175 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031