Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа цифрлық құжатты eGov Mobile мобильді қосымшасынан алуға болады

Жаңа цифрлық құжатты eGov Mobile мобильді қосымшасынан алуға болады

eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Колледж дипломы» қолжетімді, деп хабарлайды inform.kz Мемлекеттік қызметтер және онлайын ақпарат порталына сілтеме жасап.
Колледж дипломы - арнаулы орта білімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді осы цифрлық құжатты eGov Mobile қосымшасы орнатылған смартфонмен электронды түрде ұсынуға болады.
«eGov mobile қосымшасының жетістіктерінің бірі – «Цифрлық құжаттар» сервисі болып саналады. Осы сервистің көмегімен қолданушылар цифрлық құжаттарды әрқашан ұялы телефоннан көрсете алады. Енді колледж түлектері eGov Mobile қосымшасы арқылы құжатты цифрлық форматта қолдана алады. Осыған дейін eGov mobile пайдаланушылары үшін жоғары оқу орындарының дипломдары мобильді қосымша арқылы қолжетімді болды. Бұл қажетті құжаттарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады. (1-сурет).
Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалары бар.
«Сіз мобильді қосымшаны iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасынан, сондай-ақ Android жүйесінің пайдаланушылары үшін Play Market және App Gallery-ден жүктей аласыз.
Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмысының арқасында іске асырылды»,-делінген хабарламада.
13 шілде 2023 ж. 273 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 183

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 169

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 162

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930