Сот кабинетіндегі арыздарға eGov mobile қосымшасы арқылы қол қоюға болады
EGov mobile қосымшасын пайдаланушылар Сот кабинетінде құжаттарға қол қою мүмкіндігіне ие болды. Жоғарғы соттың Сот кабинетімен бірлескен интеграция аталмыш сайтта авторизациядан өтуге және eGov mobile қосымшасында QR-кодты сканерлеу арқылы құжаттарға қол қоюға мүмкіндік береді.
"Бүгін біздің пайланушылар үшін тағы бір мүмкіндік туды – Сот кабинетінде құжаттарға eGov QR көмегімен үйден шықпай-ақ қол қоюға болады. Бұндай мемлекеттік қызметтер алу тарихында әлі болған емес. Бұны eGov mobile мобильдік қосымшасының қарқынды дамуы деп санаймыз", - деп атап өттң "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану үшін eGov mobile пайдаланушылары:
қосымшада авторизациядан өту керек (егер бұрын авторизациядан өткен болса, қосымшаға Face ID, Touch ID немесе қысқа кодтың көмегімен кіру қажет);
сот кабинетінде қол қою түрін таңдау қажет – "QR көмегімен қол қою";
eGov mobile басты бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында "ақ шаршыны" басыңыз;
eGov QR сканерлеп, қол қойыңыз.
Өтінім сәтті өңдеген кезде ұялы телефон экранында "Өтінім беру сәтті аяқталды" көрсетіледі.
Egov mobile мобильдік қосымшасының жаңа нұсқасы iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдланушыларына Play Market және App Gallery қолжетімді.
Қазіргі уақытта eGov Mobile мобильдік қосымшасында 400-ге жуық мемлекеттік қызмет бар, оның ішінде 150-і eGov.kz порталында көрсетілетін қызмет, ал 250 қызмет түрі e-license порталында жеке тұлғаларға көрсетіледі. Ай сайын қосымшаны шамамен 2,4 миллион қазақстандық белсенді пайдаланады және айына 50 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Қосымшададағы бірнеше үлкен бөлімдер арқылы қажетті құжатты немесе қызметті оңай табуға болады: "Цифрлық құжаттар", "Өмірлік жағдайлар", "Қызметтер" (eGov.kz және e-license қызметтерінің жеке каталогы), "Хабарламалар" және т.б.