Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыс жедел-профилактикалық іс-шарасы

Тұрмыс жедел-профилактикалық іс-шарасы

Фото: ашық дереккөзден алынды
Қазалы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың ақпан айының 15-22 күндері аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау болып табылады.
Отбасының тыныштығы жанұя мүшелерінің физикалық, психологиялық және моральдық денінің саулығының кепілі. Жанұяда орын алатын зорлық-зомбылық әрекеті психологиялық қысым көрсетуден басталып, күш көрсетуге ұласуы мүмкін. Бұл жедел түрде әрекет етуді, зорлық-зомбылыққа жол бермейдер кезінде көмек алуды қажет етеді.
«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеті орын алған есептегі тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерумен, зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізумен жалғасады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз, тосқауыл қойыңыз.
Сәуле БИШЕКОВА, 
Отбасылық тұрмыстық
зорлық-зомбылыққа қарсы күрес
тобының инспекторы,
полиция капитаны






16 ақпан 2026 ж. 178 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930