Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы тыныштық ұясы болуы тиіс

Отбасы тыныштық ұясы болуы тиіс

Ішкі істер министрлігі 2025 жылды «Полиция Заң мен Тәртіпті күзетінде» шеңберінде құқық бұзушылықтар профилактикасы жылы деп жариялады. Осыған орай, полиция органдарымен жазалау шараларына қарағанда профилактика шараларын жүргізуге басымдық берілген.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, полицияның имиджін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында, ағымдағы жылғы 20 сәуір мен 20 маусым аралығында республика аумағында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты челлендж-флешмоб форматындағы ауқымды акциясы өткізілуде.
«Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында кеңейтілген халық көп шоғырланған жерлерде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жадынамалар таратылып, жұмыс орындары араланып, зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық полиция бөлімімен ағымдағы жыл басынан 33 тұлға Отбасы-тұрмыстық аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін Әкімшілік кодекстің 73-бабымен жауапкершілікке тартылып, 16 тұлғаға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.
Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылыққа бейім деп танылған 80 азамат профилактикалық есепке алынып, ұдайы бақылау жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш акция қоғамның назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына аудару, сыйластық қағидаттарын насихаттау, отбасында бір-біріне жәрдемдесу кағидасын және ішкі істер органдарына қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталуда.
Отбасындағы зорлық-зомбылықты отбасының ішкі мәселесі емес, психологиялық қысым көрсетуден бастау алып, күш көрсетуге ұласып, соңы қылмысқа апаратын процесс. Сол себепті зорлық-зомбылық әрекетінің белгілері байқалған жағдайда 102 арнасына қоңырау шалып, полиция күшін шақырған абзал.
Сәуле БИШЕКОВА,
Қазалы ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі
бөлімшесінің отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа
қарсы күрес тобының инспекторы, полиция капитаны

20 мамыр 2025 ж. 177 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 146

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031