Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет" акциясы өткізілмек

"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет" акциясы өткізілмек

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қараша Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталады. Осыған сәйкес, республика көлемінде жыл сайын 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» акциясы өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың кең тобын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты әшкерелеуге, алдын-алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған және қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру болып табылады. Қазалы ауданы полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобымен тиісті шаралар жүзеге асырылып келеді. Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында қылмыс 12/11 болып, -8,3% құрады. Қазалы ауданы бойынша ағымдағы жыл басынан отбасы тұрмыстық қатынастар аясында АЕК-на барлығы 190 хабарлама тіркелген. Олардың 11-қылмыс ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы - 107, ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабы - 10.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы»
ҚР Заңын орындау шеңберінде жалпы саны – 149 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, 53 тұлғаның мінезіне қатысты ерекше талап орнатылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жыл басынан отбасы тұрмыстық қатынастар аясында орын алған қылмыс бойынша 2азаматша балаларымен яғни Қызылорда қаласындағы дағдарыс орталығына жеткізілді.
Отбасы тұрмыстық салада бірнеше мәрте жанжал шығаратын тұлғалардың тізімі жасалды. Есепке алынған тұлғалармен профилактикалық әңгімелесу шаралары тұрақты жүргізілуде.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында есептегі тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп мекемелерде, мектептерде кездесулер өткізілді.


Қазалы ауданы полиция бөлімі,
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы
26 қараша 2025 ж. 108 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930