Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында, аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, ақпараттық-насихаттау болып табылады.
Аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында, үстіміздегі жылдың 26 ақпан – 1 наурыз аралығында аудан көлемінде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілді.
Бүгінгі күннің өзінде «қорғау нұсқамасы шығарылғандар» санатымен есепте тұрған тұлғалар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, отбасында жанжал шығарғаны үшін 4 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Бөлімнің профилактикалық есебінде бола тұра, қорғау нұсқамасын бұзғаны 1 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен әкімшілік шара көрілді. Алкогольді масаң күйде отбасында жанжал шығарғаны үшін 1 азамат маскүнем санатымен есепке алынды.
Шара барысында полицияның есебінде «қорғау нұсқамасы шығарылғандар», «ерекше талап белгіленгендер», «Спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланатындар», «есірткі құралдарын психотроптық заттарды пайдаланатындар», «қолайсыз отбасылар» санатымен есепте тұратын барлығы 117 адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерілді.
Сонымен қатар қоғамдық орында алкоголь өнімін тұтынғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабымен 9, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ата анасының еріп жүруінсіз ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен 20 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, шара көрілді.
«Спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланатындар» санатымен 3, «қолайсыз отбасылар» санатымен 4 тұлға бөлімнің профилактикалық және тізімдік есебіне алынды.
Халық арасында отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
02 наурыз 2021 ж. 2 824 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031