Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Композитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына орай еске алу кеші өтті

Композитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына орай еске алу кеші өтті

Биыл қазақ музыка өнерінің абызына айналып, ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлға – Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толып отыр.
Бүгін көрнекті композитордың туған жері – Қазалы ауданында Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты еске алу кеші өтті.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, өнер қайраткерінің киелі топырақта дүниеге келіп, қазақ ән өнеріне қосқан үлесі жайында сөз қозғады. Сондай-ақ шараға арнайы келіп, қатысып жатқан Кеңес Дүйсекеевтің жары Баян Дүйсекеевaға жаулық жауып, құрмет көрсетті.
-Биыл аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Сыр топырағынан шыққан композитордың 80 жылдығына орай республикалық, облыстық, аудандық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Қазалы топырағы – тек шежірелі тарихымен ғана емес, ел жүрегінен орын алған өнер иелерімен де қастерлі. Дәл осы қасиетті мекеннен қазақ ән өнерінің асқақ символына айналған, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы мен халқының жүрегінен мәңгілік орын алған сыршыл да сырбаз әнші Мадина Ералиева шыққан. Міне, осындай біртуар таланттарымен мақтанатын Қазалы өңірі тағы бір дара перзентін – қазақ музыкасының көрнекті өкілі, халқымыздың рухани әлемін байытқан композитор Кеңес Дүйсекеевті дүниеге әкелді. Кеңес Дүйсекеев – бір ғана дәуірдің емес, бірнеше буынның жүрегінен орын алған дара композитор, халқымыздың рухани әлемін байытқан заңғар тұлға. Оның мәңгілікке айналған әндері мен сазды мұрасы ел жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіні сөзсіз. Ұлы өнер иесінің шығармашылығы халқымен бірге мәңгі жасай берсін, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Аудан басшысынан кейін композитордың жары Баян Дүйсекеевa сөз алып, бүгінгідей тағылымды шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетіп жатқан аймақ басшысы мен барша азаматтарға шынайы алғысын жеткізді.
Еске алу кешінде композитордың ел жүрегінен орын алған таңдаулы шығармалары орындалды. Атап айтқанда, «Сәлем саған, туған ел», «Ойлайсың ба, жаным», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Ғашықтар жыры», «Қарағым-ай, «Анаға хат», «Өмір өмір» және т.б. туындылары көрермен назарына ұсынылды.
Кеш соңында аудан әкімінің ықылас гүлді табыс етілді.
Айта кетейік, 10 ақпан күні Кеңес Дүйсекеевтің туған күніне орай, Астана қаласында музыкалық кеш өтсе, туған жері - Қазалы ауданында аудандық әншілер байқауы өткізілді. Сондай-ақ 20 ақпан күні Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында да жерлесімізді еске алуға арналған ауқымды еске алу шарасы өткізілмек.
15 ақпан 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728