Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәлем саған, туған ел!

Сәлем саған, туған ел!

Бейсенбі күні Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты сазгерлер байқауы өтті.

Кент, қала және ауылдық жерден 8 адам қатысқан байқауда сазгерлердің талантынан туған туындылары таныстырылып, орындалды. Жоғары дәрежеде өткен байқауға ҚР композиторлар Одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Сәукен Әліш, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Кемеңгер Өтеп пен ҚР мәдениет саласының үздігі, қобызшы Арман Әуезов сынды өнер майталмандары қатысушы сазгерлерге қазылық етті.
Сайыс нәтижесінде бас жүлде «Қорқыт ата» атындағы балалар музыка мектебінің баян класының оқытушысы Серік Отаралиевке бұйырса, бірінші орынды Серік Төлеу қанжығасына байлады. Жүлделі екінші, үшінші орындарды ақсуаттық Нұртуған Жаңабай, мәдениет саласының ардагері Абылхайыр Ибраймов пен аудандық білім бөлімінің қызметкері Әбілқасым Раман өзара бөлісті.

Серік АҚМЫРЗА

27 ақпан 2021 ж. 3 442 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031