Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Композитор Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай аудандық ән байқауы өтті

Композитор Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай аудандық ән байқауы өтті

10 ақпан –қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғасы, жерлесіміз – Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің туған күні. Бүгін көрнекті композитордың туғанына 80 жыл толуына орай туған жері – Қазалы ауданында аудандық әншілер байқауы өтті.
Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде өткен «Сәлем саған, туған ел» атты байқауға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов қатысып, Қазалы топырағында дүниеге келген қайталанбас өнер иесінің шығармашылығы жайында сөз қозғады. Сондай-ақ байқауға қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі.
– Кеңес Дүйсекеев – туған елінің топырағынан нәр алып, ұлттық музыка өнерін биік деңгейге көтере білген, қазақ әнін жаңа көркемдік өріске бастаған бірегей тұлға. Оның шығармашылығы – тұтас бір дәуірдің рухани шежіресі, халқымыздың қуанышы мен мұңын, сағынышы мен үмітін, ел мен жерге деген шексіз махаббатын әуен тілімен сөйлеткен асыл қазына. Биыл Сыр өңірінде даңқты композитордың туғанына 80 жыл толуына орай аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылуда. Жуық арада аудан орталығында қайталанбас өнер иесін еске алуға арналған «Сәлем саған, туған ел» атты үлкен кеш өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар облыс орталығында да жерлесіміздің шығармашылығына арналған еске алу кеші өткізілмек. Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан аудандық әншілер байқауыда ағамыздың есімін, шығармашылығын ұлықтау, бүгінгі ұрпаққа дәріптеу болып табылады, - деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Байқау екі кезең бойынша өткізілді, бірінші кезеңде Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығынан бір ән, екінші кезеңде еркін тақырыптағы ән орындалды. Байқауға 18-40 жас аралығындағы ауданның әр аймағынан келген барлығы 17 әнші қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орын Жанқожа батыр ауылынан келген Шабыт дуетіне, Әйтеке би кентінен қатысқан Нұрбибі Жаңабайға және Ақсуат ауылынан Жарылқасын Жұбандыққа бұйырса, екінші орынды Басықара ауылынан келген Талғатұлы Ермахан мен Ғ.Мұратбаев ауылынан Жанболат Өмірзақ иеленсе, байқаудың бірінші орыны Қазалы қаласынан келген Қауымбай Бауыржанға табысталды. Ал, «Сәлем саған, туған ел» атты аудандық әншілер байқауының бас жүлдесін Кәукей ауылынан келген әнші Ерполатұлы Рахат иеленді. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық қатысушылар түрлі номинация атаулары мен арнайы қатысқаны үшін диплом және сыйлықтармен марапатталды
11 ақпан 2026 ж. 36 0

Сталкингті тоқтат

11 ақпан 2026 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728