Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұқағали мұрасын дәріптеді

Мұқағали мұрасын дәріптеді

«Қазақ жырының Хан тәңірі» атанған ақиық ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқағали Мақатаевтың туған күні бүгінде жалпыұлттық мерекеге айналды. Жыл сайын 9 ақпанда және осы ай бойы ақынның құрметіне арналған түрлі мәдени-рухани іс-шаралар ұйымдастырылады. Биылғы жыл ерекше мәнге ие, себебі ұлы ақынның туғанына 95 жыл толып отыр.
Бұл тағылымды шарадан Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы-техникалық колледжі де шет қалмады. Колледж кітапханашысы Алтынгүл Сансызбайдың ұйымдастыруымен поэзияға ғашық, өнерге жақын студенттердің қатысуымен «Мен, сірә, өлмейтін шығармын» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шара барысында ақынның өлеңмен өрілген отты жырлары оқылып, әуезді әуен мен жанды орындаулар көрерменге ерекше әсер сыйлады. Концерттік бағдарламада көпшілік сүйіп тыңдайтын «Сенің көзің», «Отыздан асып барамын», «Есіңе, мені алғайсың», «Туған өлке», «Отан» сияқты әндер шырқалды.
Мұқағали мұрасы – уақытпен өлшенбейтін, ұлт рухымен бірге жасайтын асыл қазына. Оның поэзиясы адамды шындыққа, тазалыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді, жүрекке жол табады. Осындай әдеби-сазды кештер арқылы жас ұрпақ ақын мұрасын тереңірек танып, рухани байып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түсері анық.
Алтынгүл САНСЫЗБАЙ,
Қазалы аграрлы-техникалық
колледждің кітапханашысы
14 ақпан 2026 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728