Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұзарт жырдың мұзбалағы

Мұзарт жырдың мұзбалағы

Жақында Қазалы ауданында аудандық «Қазақ тілі» қоғамы мен Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің ұйымдастыруымен мұзарт жырдың мұзбалағы, қазақ поэзиясының биік тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті.
Шара ақынның өз дауысымен оқылған өлеңімен басталып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Кеш шымылдығын жас ақын Эльмира Алдабергеннің Мұқағалиға арнаған жүрекжарды жыры ашты.
Мазмұнды жиында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғани Хайруллаұлы сөз сөйлеп, Мұқағали шығармашылығының ұлт руханиятындағы орны мен осындай тағылымды шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.
Әдеби-сазды кешке аудан мектептерінің кітапханашылары, ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты. №70, №204, №288 мектептерінің кітапханашылары мен ұстаздары Ұлдана Ақбай «Өмір сүрейік алмасып», Гүлнұр Әлиева «Бақыт», Элмира Ақниязова мен Ержігіт Пірәлиев «Сәби болғым келеді» өлеңдерін, №70 мектеп оқушысы Мадияр Әскербай ақын сөзіне жазылған «Сенің көзің» әнін орындап, көрермен қошеметіне бөленді. Ал №288 мектеп ұстаздары Мұқағали мәтініне жазылған әндерден папури ұсынды.
№266 мектеп-лицей кітапханашысы Жанар Сәрсенбаева «Жоқ, дәрігер» өлеңін әсерлі жатқа оқыса, №190, №204, №70, №216 мектеп оқушылары ақынның «Дос болам десең…», «Бақыт деген не өзі?», «Поэзия», «Пай, пай, өмір», «Сәби ана» сынды жырларын нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс қойып, көрерменге терең ой салды.
Кештің көркем де шебер жүргізілуіне №70 мектеп ұстаздары Ақнұр Матығұл мен Әйгерім Срайыл үлес қосты.
Шара соңында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының Қазалы ауданы бойынша қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір қорытынды сөз сөйлеп, бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан тіл жанашырларын марапаттады.
Әсерлі әдеби басқосу соңында жиналған қауым Елена Әбдіқалықованың орындауындағы, ақын сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін қосыла шырқап, кешті ерекше рухани көңіл-күймен аяқтады.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
14 ақпан 2026 ж. 24 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728