Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығында тұрғындармен жеке қабылдау өтті

Аудан орталығында тұрғындармен жеке қабылдау өтті

Бүгін аудан орталығы Әйтеке би кентінде аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш аудандық сот және құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдаудың басты қағидасы – ашықтық. Осы орайда келушілер өздерін қабылдаушы тұлғалармен ашық пікірлесіп, толғандырған мәселелер бойынша нақты жауап алды. Тиісті сала басшылары мен мамандарының кеңестерін тыңдады. Жалпы қабылдауға 65 азамат қатысты.

Қабылдау барысында тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау саласына қатысты және өзге де әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ Ақсуат елді мекенінің тұрғындары ауылға табиғи газ тарту мәселесін көтерді. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Құрылыс жұмыстарын қаржыландыру үшін тиісті басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.

Айта кетейік, бұған дейін осындай қабылдаулар ауданға қарасты ауылдық округтерде де өткізілді.
13 ақпан 2026 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728