Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдістемелік қызмет: тәжірибе, талдау, тиімділік

Әдістемелік қызмет: тәжірибе, талдау, тиімділік

Әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарымен таныстыру, нормативті құжаттардың жүргізілуі және 2025 жылды қорытындылау мақсатында 06 ақпан күні №266 мектеп-лицей базасында «Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары, жай-күйі мен тиімділігін талдау» тақырыбында №1 әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Әдістемелік кеңеске әдіскерлер, негізгі және орта, қосымша білім беру ұйымдарының басшыларының орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде: «Оқу-тәрбие процесінің сапасын талдау» 2025 жылдағы мектептердің рейтинг мониторингін әдістемелік кабинетің әдіскері Ж.Унгарова баяндады.
«Оқу –тәрбие процесінің жай –күйіне мониторинг жүргізу жолымен педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, сараптау, тарату» педагог-шебер, аудандық сараптамалық кеңес жұмысы және педагог-зерттеушілердің іс-тәжірибе тарату жұмысы туралы әдістемелік кабинетің әдіскері Г.Дузелбаева хабарлама жасады.
«Мектепішілік бақылау жұмыстарын жүргізу. Қаржылық бағыттағы құжаттарды жүргізудегі кемшіліктер. Құжаттарды рәсімдеу» туралы оқу орынбсарлары іс-тәжірибелерімен бөлісті. №170 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Күрлен педагогтер жүргізу үшін міндетті №130 бұйрыққа тоқталып, мектепішілік бақылаудың бағыттарын және басқарушылық шешім қабылдау алгоритмін кеңінен түсіндірді.
№226 мектеп-гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Балғараева штаттық, тарифтік кестенің толтырылуын және қоса атқарушылыққа байланысты туындаған мәселелерге жауап берді. Қоса атқаруға байланысты №91 орта мектептің оқу оынбасары П.Әжен өзінің ойын ортаға салып, министрлікпен байланысқан оқиғаларымен бөлісті.
«Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсқа ҚР БҒМ 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығын басшылыққа алып, білім беру ұйымдарының педагогтерді қатыстыру, конкурс шеңберінде материалдарды бағалау критерийлеріне басымдылық беру туралы әдістемелік кабинеттің әдіскері Н.Арзиева хабарлама жасады.
Аудандық әдістемелік кабинеттің 2026 жылға жоспарлаған жұмыстардың ерекшелігі туралы, педагогтарды аттестаттау, біліктілік курстан өткізу, пәндер бойынша сыртқы бақылауға дайындық жұмыстарын әдістемелік кабинетің менгерушісі Л.Ізбасар кеңінен тоқталып өтті.
#Қазалыбілім
11 ақпан 2026 ж. 49 0

Сталкингті тоқтат

11 ақпан 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728