Баланы дамыту – басты мақсат

Шараға мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының арнайы мамандары қатысты. Шығармашылық күн бағдарламаға сәйкес «Балабақшаның ертегі әлемі» тақырыбындағы көрмені тамашалаумен басталып, ертегідегі ақ қоянның қимылды әуенімен жалғасты. Одан әрі балабақша тәрбиешісі Гүлімхан Диханбаеваның жетекшілігімен «Балауса» ортаңғы топ бүлдіршіндері «Дос іздеген бота» ертегісін сомдады.
Балабақша логопеді Сәндігүл Тәжімбетова балалармен «Үйшік» ертегісі арқылы арнайы түзетушілік іс-әрекет (топтық жұмыс) жүргізді және «Үй жануарлары» тақырыбында жеке баламен арнайы түзетушілік іс-әрекетімен бөлісті. Сондай-ақ «Балам дұрыс сөйлесін десеңіз!» тақырыбында ата-аналармен жұмыс жүргізіп, баланың тілін дамыту жайында ата-аналарға түрлі кеңестер берді. Дефектолог Феруза Әбен «Ертегі терапиясы арқылы балалардың креативтік ойлауын қалыптастыру» тақырыбында тәрбиешілермен шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Психолог Тоқсұлу Мүсірепова қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, бір-біріне деген ізгі, жағымды әсер қалдыру мақсатында «Көңіл күй – жан-азығы» тақырыбында тренинг өткізді және шараға қатысушылармен кері байланыс орнатып, олардың ыстық ықыласы тыңдалды.
Шара соңында балабақша меңгерушісі Анар Кеулімжай сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Нәдира Аманкелдіқызы семинарды қорытындылап, өз іс-тәжірибесін көрсеткен мамандарды марапаттады.

Гүлнұр ҚҰМАРБАЕВА