Заманауи білім – заман талабы
22 ақпан күні Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектепте тарих пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші, шығармашыл ұстаз Ахметова Бағила Серікбайқызының «Заманауи білім беру : бағдарламалау, әдіс- тәсілдер, нәтиже» тақырыбында аудандық шығармашылық күні өтті.
Аталған шараға тәжірибе алмасу үшін ауданның 36 мектебінің тарих пәні мұғалімдері және аудандық Оқушылар үйінің мамандары қатысты. Жиын Ахметова Бағиланың тарих пәнін меңгертуде заманауи бағдарламаларды пайдалану барысындағы іс- тәжірибелерімен бөлісу және тарату мақсатында өтті.
Салтанатты шарада мектеп директорының орынбасары Айтмамбет Ділдәбек, аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Дузелбаева сөйлеп, Ахметова Бағиланың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Келген қонақтарды мектеп оқушыларының ыстық ықылас лебіздерімен қарсы алып, шығармашылық күн аясындағы жұмыстарды тамашалауға шақырды.
Тарих пәні мұғалімдері «Мұғалімнің кәсіби дамуы» іс – тәжірибесімен, «Тарих сабағында заманауи бағдарлмамалар арқылы әдіс –тәсілдерді қолдану» шебер сыныбына белсенді атсалысты, «Миллион кімге бұйырады?» кезеңінде жүйрік ойларын ұштастыра алды. «Әдістер еліне саяхат» барысында тиімді әдіс – тәсілдер, заманауи бағдарламалаумен (платформаларымен) жұмыс жасау арқылы үйреніп, жаңа идеяларды өздерінің әдістемелік қоржындарына алды. Сонымен қатар, авторлық бағдарламаны жазудың талаптарымен толық танысты.
Аудан тарихшылары Ахметова Бағила Серікбайқызының шығармашылық күнінде өздеріне мол тәжірибе (әдіс- тәсілдер, платформаны қолдану, идея, авторлық жұмыс т.б) алғандығын, теорияны тәжірибемен ұштастыруды, кәсіби көшбасшы мұғалім болуға қажетті тәжірибе екендігіне тоқталып, жоғары дәрежеде өткенін жетуізді. Әріптестері Бағила Серікбайқызына шығармашылық табыс тілеп, алғыстарын білдірді.
Аудандық тарих пәні мұғалімдері арасында іс –тәжірибесін таратқаны үшін Б.Ахметова Қызылорда облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы» және аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
#Қазалыбілім
#Қазалыақпарат
#шығармашылық