Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдістемелік кеңес жұмысты жандандырады

Әдістемелік кеңес жұмысты жандандырады


Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 31 қаңтар күні М.Матаев атындағы №170 мектепте әдістемелік кеңес өтті.

Жиынға аудан мектептерінің оқу орынбасарлары мен пән бірлестік жетекшілері қатысты. Мұнда білім сапасын арттыру бойынша әдістемелік-тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастырып өткізу, озат іс-тәжірибелерді зерделеу және білім беруде жаңа цифрлық оқыту процесін енгізу жайы талқыланды.

Кеңесте аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарының 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы Дүзелбаева Гүлнар баяндама жасады. «Мектеп жобалары», «Үздік ұстаздар пулы», «Пәндік жобалар», «Балабақша жобалары» төңірегінде талқылау және бекіту, PISA -2025 халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық жоспарын бекіту, ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын жүргізу, білім алушылардың білім жетістіктеріне (ББЖМ) бойынша сабақтарына қатысу, 4-9 сынып оқушыларының білім сапасын арттыруға әдістемелік көмек көрсету барысында әдістемелік кабинет тарапынан ақпан айында педагогтердің сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек көрсетіледі.


Сонымен бірге, спикер аудандық білім бөлімінің 2024 жылға арналған әдістемелік жұмыс жоспарымен таныстырды. Оқу орынбасарлары мен пән бірлестік жетекшілеріне 2024 жылы жылдық жоспардағы іс-шараларды бірлесіп , ауызбіршілікпен атқаруға шақырды.

Жиын барысында Ж.Оңғарова қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен 5-8-10 сыныптарда аралық емтиханды өткізу ережесімен таныстыру жұмысын жүргізді.«1000 көшбасшы жобасы» бойынша оқу орынбасарлары мен қатар педагогтердің де кадрлық резервке қатысып, үміткер бола алатындығы айтылды.

Сондай-ақ, «Цифрлы ұстаз» жобасы (әлеуметтік топтан шыққан оқушылардың үлгірім сапасын көтеру барысы) туралы Н.Арзиеваның баяндамасы тыңдалды.
Ол Үздік педагог атағын алуға , «Педагог-шебер» санатын қорғағуға жұмыс жасау, PISA зерттеуі туралы практикалық жұмыстары, TALIS зерттеуі –мұғалімдерінің даму басымдықтарын талдау жайында сөз қозғады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Лаура Разаққызы педагог стандартын басшылыққа алып жұмыс жасау керек екендігі ескертті. Л. Ізбасар «Цифрлы ұстаз» жобасы таныстырды. Әдістемелік кеңес соңында оқу орынбасарлары мен педагогтер өз ұсыныстарын білдірді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
04 ақпан 2024 ж. 120 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031