Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақынның аты өлмейді

Ақынның аты өлмейді

Ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, КСРО Журналистер Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, марқұм Жетіскен Мәкеналының 70 жылдығы аясында аудандық байқау ұйымдастырылды.
Жетіскен Мәкеналы 1952 жылы Қазалы ауданы, Аранды ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Қазіргі Қожабақы ауылында 1968 жылы орта мектепті бітіріп, 1971 жылы Қызылорда медицина училищесінің фельдшерлік бөлімін тәмамдап, денсаулық саласында 10 жылдан астам қызмет етті. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Ж.Мәкенәлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін, Ғ.Мұратбаев тарихи меморалдық музейін, аудандық «Қазалы» газетін бірнеше жылдар басқарған. «Ортаймаған қазаны, қасиетті Қазалы», «Асандар көтерілісі», «Мен Ғанимын!», «Ғани тағылымы” атты кітаптары мен “ХХІ ғасырға аманат” атты жыр жинақтары жарық көрген.
Ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген «Арулар — асыл жандар» атты байқауда 16-25 жас аралығындағы қыздар көркемсөз жанры бойынша сайысты. Шараны құрмет қонақ Жетіскен Мәкенәлінің жары Марияш Марданқызы құттықтау сөзімен ашып берді. Кенттік клуб ұжымы ақынның жарына гүл шоқтарын табыстап, мерекемен құттықтады.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезекте ақын Ж.Мәкенәлінің өлеңін жатқа оқыса, екінші кезеңде кез-келген ақынның ана тақырыбындағы монологын жатқа оқыды. Мәдениет саласының ардагері, актриса Ұлжан Ахметова, ҚР мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері Галия Оспан, аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырманға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Зоя Мұстафаева байқауға төрелік жасап, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде №266 мектептің 10 сынып оқушысы Назерке Тоқтамұрат бас жүлдені жеңіп алды. Лақалы ауылыннан келген Әділбекова Нұрасыл бірінші, кәукейлік Дильназ Қайып пен Сарбұлақтан қатысқан Құндыз Байбарақова екінші, Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Жұлдызай Ізатулла, Майдакөл ауылдық клубының әдіскері Нағима Төлепбергенова, Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 мектептің 10 сынып оқушысы Жаннұр Ермағанбет үшінші орынға ие болды.

Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА
28 наурыз 2022 ж. 915 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 86

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930