Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақиық ақынға арналды

Ақиық ақынға арналды

Балалар жылы аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай аудандық балалар кітапханасында көркемсөз оқудан сайыс өтті. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты байқауға 7-10 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Олар ақиық ақын шығармаларынан және еркін тақырыпта өлең оқып, сынға түсті.
Жас таланттардың сөйлеу мәдениеті, киім кию үлгісі, баяндау, орындау образы, дыбыс интонация­сы мен оқу шеберліктерін ескеруі байқаудың бас­ты талабы болды. Тіл мәдениетін қалыптастыру, М.Мақатаевтың өлең-жырларын жас ұрпақтың бойына сіңіріп, қоғам арасында дамытуды мақсат еткен шарада кітапханашы Перуза Ниязымбетова ақын өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат берді. Арнайы дайындалған көрме оқушыларға таныстырылды.
Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы мектептерден жиналған 19 шәкірттің барлығы да өлеңді нақышына келтіре орындап, көрермен көңілінен шықты. Көптен оза шауып, өнерімен ерекшеленген №249 мектеп-лицейдің 4 «Д» сынып оқушысы Расул Марат бас жүлдеге лайық деп танылды. Бірінші орынды №276 мектептен келген Алина Болатбекқызы алды. Екінші орын Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицейдің оқушысы Айару Қарасай мен Ж.Жабаев атындағы №234 мектептен Хадиша Қаратайға бұйырды. Ал үшінші орынды №266 мектеп-лицейден қатысқан Нұрлыайым Өтеген мен №249 мектеп-лицейдің оқушысы Айару Жанұзақ өзара бөлісті.
Қатысушылар мен олардың жетекшілері «Алғыс» хатпен марапатталды. Жүлделі болған шәкірттерге сыйлықтар табыс етілді.

Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
14 ақпан 2022 ж. 864 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 206

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930