Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Қазалы ауданында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күн сайын арнайы бөлінген топтар кезектілікпен түнгі рейд жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

Рейдтік топ мүшелері күнделікті 22:00-ден бастап Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдарын, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарын, тойханалар мен мейрамханаларды аралап, қоғамдық тәртіпті бақылау барысында кәмелет жасқа толмаған оқушыларға түсіндірме, ата-анасына ескерту жасайды.

Бүгінгі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев бастаған құрам түнгі рейд жұмыстарын жүргізуде. Топ құрамында Әйтеке би кенті әкімі аппаратының мамандары, дербес бөлім мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және мектеп директорлары қамтылған.

Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті бақылап келген рейдтік топ мүшелері аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес кент ішінде тұрғындардың бей-берекет қоқыс тастау, тазалық талаптарын сақтамаған тұрғындарғада түсіндірме жұмыстарын жасауда.

Алдағы күндері дәл осындай күшейтілген түрде рейд жұмыстары жалғаса беретін болады!

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 желтоқсан 2025 ж. 163 0

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 30

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 189

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031