Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары жүруде
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Қазалы ауданында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күн сайын арнайы бөлінген топтар кезектілікпен түнгі рейд жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.Рейдтік топ мүшелері күнделікті 22:00-ден бастап Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдарын, саябақ, ойын-сауық орталықтары мен компьютер клубтарын, тойханалар мен мейрамханаларды аралап, қоғамдық тәртіпті бақылау барысында кәмелет жасқа толмаған оқушыларға түсіндірме, ата-анасына ескерту жасайды.
Бүгінгі аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов бастаған құрам түнгі рейд жұмыстарын жүргізуде. Топ құрамында аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі, дербес бөлім қызметкерлері және мектеп директорлары қамтылған.
Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті бақылап келген рейдтік топ мүшелері аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес кент ішінде тұрғындардың бей-берекет қоқыс тастау, тазалық талаптарын сақтамаған тұрғындарғада түсіндірме жұмыстарын жасауда.
Алдағы күндері дәл осындай күшейтілген түрде рейд жұмыстары жалғаса беретін болады. Мұндай рейд жұмыстары аудан орталығы мен ауылдық округтерде де жалғасуда.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі














