"Әсем әннің дәриясы, Қазалының Ғалиясы"
Қазалы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен, "Бірлік ауылдық клубы" МКҚК - ның ұйымдастыруымен, Қазалы ауданының 95 жылдығына орай, Қ.Р мәдениет саласының үздігі, әнші Ғалия Оспанованың репертуарындағы әндерді орындаушылар арасындағы "Әсем әннің дәриясы, Қазалының Ғалиясы" атты аудандық әншілер байқауы өткізілді.
Байқауды аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаев сөз сөйлеп қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Байқауға 15 талапкер қатысып өнер көрсетті. Байқаудың бірінші кезеңі бойынша алғаш болып Бекарыстан би ауылынан қатысушы Сабыр Аяжан сахна төріне көтерілді. Байқау қорытындысы бойынша Майдакөл ауылынан қатысушы Айдарова Ақерке Бас жүлдені иеленсе, I - орынды Қалалық мәдениет Үйінен Аралқан Ғасырбек иеленді. II - орынды Абай ауылынан Абуов Айдар сондай ақ, III - орынды Бірлік ауылынан Кубекова Әйгерім, Кенттік мәдениет Үйінен Сембай Альбина, Ғ. Мұратбаев ауылынан Ибайдуллаева Нұрсұлу иеленді.
Ақсуат ауылының қатысушысы Жарылқасынов Жұбандық пен Лақалы ауылының қатысушышы Ерілхан Ақылбай Номинациямен марапатталды. Сондай ақ Бірлік ауылының кітапханашысы Г. Иззатова Галя Оспанованың шығармашылығынан "Өнерімен өрілген өмір" атты көрме жасады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат