Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі: Мереке күндері тұрғындар қауіпсіздігі – қатаң бақылауда болуы қажеті

Аудан әкімі: Мереке күндері тұрғындар қауіпсіздігі – қатаң бақылауда болуы қажеті

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен күн райының суытуы, алдағы мереке күндеріндегі тұрғындардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтердің үздіксіз берілуі және басқа да өзекті мәселелерге байланысты арнайы мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, кент, қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімі, коммуналдық мекеме мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Басқосуда аудан тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет екенін айтқан аудан басшысы барлығын жіті қадағалауда ұстау қажет екенін ескертті.
Аудандағы барлық мекеме-кәсіпорындардың, мектеп пен балабақшалардағы қатты отын мен сұйық отынның қоры жеткілікті болуы тиіс. Оған қоса ауа райының төмендеуіне қарамастан тұрғындарда жарық, су, газ және жылу беру жалпы коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс жасау қажет. Бұл мәселеде ешқандай қиындық туындамауы қажет. Соған сәйкес менен бастап, әрбір сала басшылары, әкімдер мереке күндері елмен, халықпен бірге болуымыз қажет. Бірлескен істе береке болады. Сондықтан халық қауіпсіздігі бірінші орында болу керек, - деді аудан әкімі.
28 желтоқсан 2025 ж. 24 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031