Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коммуналдық сала қызметі сапалы болуы керек

Коммуналдық сала қызметі сапалы болуы керек

Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандағы коммуналдық сала басшыларын қабылдап, әрбір сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жауапты сала басшыларына тұрғындар үшін өте қажетті жарық, су, жылудың халыққа үздіксіз берілуі және тұрақты жұмыс жасауы бағытында нақты тапсырмалар берді.
Сонымен бірге аудан әкімі сала басшыларына тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында коммуналдық қызметтердің үздіксіз берілуін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар жүктеді. Қабылдаудан кейін аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалына, «Қазалы-Су Сервис» мекемесі мен «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырларын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесіне және аудандық электр тарату торабы мекемелерін аралады.
– Коммуналдық қызметтің қашанда сапалы болуы маңызды. Себебі халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігі осы саламен тығыз байланысты. Халықты электр жарығы мен ауыз сумен қамту – кезек күттірмейтін мәселе, – деді аудан әкімі Алмасбек Есмаханов.
Қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтап, тұрғындарды ауыз сумен, жарықпен уақытылы қамтамасыз ету, аудан орталығының тазалығы мен абаттандыру мәселелеріне қатысты тиісті сала басшыларына тапсырма берді. Аудан басшысы коммуналдық мекемелерді аралау барысында Әйтеке би кентіндегі көмір қоймаларындағы қатты отынның қорын көріп, жылу беру маусымында ешқандай тапшылық болмау керегін ескертті. Ал кент әкіміне аудан орталығының тазалығы, көше бойындағы істен шыққан жарықшамдарды, көнерген жол белгілерін қайта қалпына келтіру, ретсіз өскен шөптерді шабу, қоршаулар мен бағаналарды, жол белгілерін сырлау және тиісті бөліммен бірлесе отырып, аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың алдында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретке келтіру жөнінде кәсіпкерлерге ескерту беруді тапсырды.
Айнұр ӘЛИ
Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 қазан 2025 ж. 17 0

Өмірі өшпес өнеге

04 қазан 2025 ж. 28

Бақытқа бастар соқпақ

04 қазан 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031