Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды

Өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өртке қарсы маусымға дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар мен су тасқынының жағдайы және басқа да бірқатар өзекті мәселеге қатысты мәжіліс өтті.
Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев негізі мәселелер бойынша баяндама жасады. Аудан аумағында өткен жылы жалпы жер көлемі 25 гектарды құрайтын 4 өрт оқиғасы тіркелсе, осы жылы 1 өрт оқиғасы тіркелген. Аудан әкімі бұған байланысты алдағы уақытта өрт оқиғаларының алдын алу үшін дайындық жұмыстарын қайта пысықтап, барлық техника мен құрал-жабдықтардың үнемі дайын болуы қатаң тапсырды. Сондай-ақ алдағы кезең дала өрттерінің жиі орын алатын уақыты екенін айтып, осыған сәйкес аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы мекемесі және ауыл әкімдері мен тиісті мекемелерге тілсіз жаудың алдын алуға байланысты сақтық шараларын қолға алып, бірлесе жұмыс жасауға нақты тапсырмалар берді.
Биыл Сырдария өзеніндегі сең наурыз айының 15-17 аралығында аудан аумағынан өткен болатын. Мұз өту кезеңінде өзен бойындағы елді мекендер мен шаруа қожалықтарына ешқандай зиян келтірілмеді. Бірақ аудан әкімі соған қарамастан тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы белсенді іс-шараларды қайта пысықтап, тиісті жұмыстарды осы бастан күшейтуді ұйымдастыру керектігін айтты.
Аудан әкімі мәжілісте тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне мерзімді әскерге шақыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс жасауы, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары, тазалық жұмыстары мен мамыр айындағы мерекелік шараларды атап өту сынды мәселелерге байланысты тапсырмалар беріп, әрбір тапсырманың орындалуын жауапты орынбасарларына қатаң бақылауға алуды тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

20 сәуір 2025 ж. 238 0

Отбасы – бақыт мекені

15 мамыр 2025 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031