Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте есепті кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды

Мәжілісте есепті кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауданда 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттер талқыланды. Бұл бойынша аудан әкімінің салалық орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы хабарлама жасап, әрбір сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Аппарат мәжілісінде аудан әкімі құрылыс, ауыл шаруашылығы, экономика, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары және кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және құжаттамалық қамтамасыз етілуі мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есепте кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды, қол жеткізген көрсеткіштерді жеке-жеке талдап, әрбір сала бойынша жауаптыларға көрсеткіштерді көтеру бағытында қажетті жұмыстарды ұйымдастыруды қатаң тапсырды. Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер мен жоспарлы индикаторлардың орындалуына, қаржының мерзімінде игерілуіне де нақты талдау жұмыстарын жүргізу керектігін де атап өтті. Сонымен қатар әрбір саладағы төмен нәтижелі көрсеткіштер бойынша жауаптыларды қатаң сынға алып, ескерту жасап, сыннан нәтиже шығаруды қадап айтты.
Мәжілісте аудан басшысы алдағы жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу мәселесіне жіті тоқталып өтті. Бұған байланысты аудан орталығы - Әйтеке би кентінде орналасқан 101 көп қабатты тұрғын үй мен аудандағы барлық өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандардың жылумен тұрақты қамтамасыз етілуін ескертіп, бұған қатысты ешқандай проблемалық мәселе туындамау қажеттігі жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Мұнан бөлек ауа райының қолайлы шағында егін жинау жұмыстарында жеделдету керектігін айтты. Биыл аудан бойынша 17 445 га ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде 5636 гектары күріш дақылы. Бүгінде күріштің 4162 гектары ораққа түсіп, 3472 гектары бастырылған. Ауданда күріш ору жұмыстарын қазан айының 10-на және бастыру жұмыстарын 17-не аяқтау жоспарланып отыр.
Мәжіліс соңында барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына келер аптада Қызылорда қаласында өтетін «Алтын дән-2025» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде тапсырма беріп, ауданның абыройы үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиында тұрғындарды сапалы және үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен жол құрылысы жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау, жасөспірімдер арасында түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алу, кент, қала және ауылдық округтердің санитарлық-тазалығын қамтамасыз ету сынды және басқа да өзекті мәселелерге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
08 қазан 2025 ж. 132 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031